Алматыдағы «Жаңа аспан» саябағында «Тansholpan» аллеясы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы «Жаңа аспан» саябағында «Тansholpan» аллеясы ашылды

21.10.2022

«Таңшолпан» бағдарламасының 30 жылдық мерейтойына орай «Ізгі істер марафоны» жалғасуда.

Жоба аясында Алматыдағы «Жаңа аспан» саябағында «Таңшолпан» аллеясы ашылды. Шараға Ұлттық арнаның Алматы филиалы, Жаңалықтар қызметі мен таңғы бағдарламада әр жылдары еңбек еткен ардагерлер қатысты. Аллеяға 60 түп ағаш егіліп, «Таңшолпан» тақтайшасы орнатылды.

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының ұзақ жылдар үзіліссіз эфирге шығып келе жатқан «Таңшолпан» хабарының атауын қойып, негізін қалаған - атақты жазушы Шерхан Мұртаза.

Боран Мұсабаев , қазақ телевизиясының ардагері:

Отырғызған талдарымыз қыс бойы тамырын жайып, көктемде бүр жарып, жыл өте келе биік мәуелі ағашқа айналар. Бүкіл қазақ телевизиясы кеңістігінде «Таңшолпан» сияқты осыншама ғұмыры ұзақ бағдарлама жоқ шығар. Шерағаң айтуымен ашылған бағдарлама ғой. Қасиетті бағдарламамыздың, Ұлттық арнамыздың мәртебесі әр уақытта көрерменнің алдында биік болсын!


Хабарламаларға жазылу