Алматылықтар коронавирус құрбандарын еске алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылықтар коронавирус құрбандарын еске алды

13.07.2020

Алматыда да мемлекеттік мекемелердегі ту төмен түсіріліп, азалы үнсіздік жарияланды. Әкімдік алдында шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев, қоғамдық кеңес мүшесі мен Мәслихат хатшысы, өзге де мемлекеттік қызметкерлер коронавирус құрбандарын еске алды. Сонымен қатар, Тұңғыш Президент саябағында полиция қызметкерлері, ал №4 Қалалық аурухана алаңында дәрігерлер мен медицина қызметкерлері COVID-19 вирусынан қайтыс болғандарды азалы үнсіздікпен еске алды. Жиналғандар індет құрбандарының туған-туыстарына көңіл айтты.  

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу