Алматыда Жеңіс мерекесіне арналған отшашу басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Жеңіс мерекесіне арналған отшашу басталды

09.05.2014
Алматыда Жеңіс мерекесіне арналған отшашу басталды
Жеңістің 69 жылдығына арналған мерекелік шаралардың ең негізгісі Алматыдағы арнайы отшашу десе болғандай.
 
Дәурен Дариябек, тілші:
Дәл қазір Алматы қаласындағы «Астана» алаңында, одан кейін Тұңғыш Президент саябағында отшашу басталды. Жеңіс мерекесінің құрметіне отшашу тоқтаусыз атылуда. Отшашуды көреміз деп келген халықтың қарасы көп. Алматы аспанына түрлі өрнек салған отты шашу кім-кімді де ерекше күйге бөлейді. Бұл - түйір оқ тағдырын талқан еткен, қыршын кеткен боздақтар мен елі үшін көкірегін оққа тосқан ардагерлерге көрсетілген құрметтің белгісі іспетті.
 
Ұшқын шашып құбылған оттар түнгі Алматыны түрлендіре түсуде. Шаһар аспанын нұрға бөлеген, жарқырап көктен жауған жалын көз қарықтырады. Жалпы, соғыс заңында салютті тек жеңген тарап қана атады. Елімізде зеңбіректер тек осындай мерекелік отшашуға атылсын! Бейбіт күндегі жеңістер молайып, заманымыз тыныш болсын!
 
Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу