Павлодарда «Жастар трамвайы» жолға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Жастар трамвайы» жолға шықты

08.08.2017

Қоғамдық көлік 14 пен 29 жас аралығындағы керекуліктерге мемлекет тарапынан көрсетілетін барлық қызмет түрлері бойынша ақыл-кеңес беру бағытында жұмыс істейді. Трамвайдың іші-сырты сан түрлі анықтамалармен жабдықталған. Баспана алу, жұмысқа орналасу, кәсіп ашуға қажетті құжаттар мен өтініш үлгілерінен бөлек, жастарды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалармен де танысуға болады. Әрі трамвай Павлодардағы жолаушы тасымалына арналған көліктердің ішіндегі ең арзаны. 

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу