Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, бір адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, бір адам қайтыс болды

12.07.2017

Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, бір әйел қайтыс болды. Оқиға кеше таңғы 08:00-де «Орбита-4» ықшамауданындағы 11-ші үйдің төртінші қабатында болған. Жарылыс салдарынан терезелер шағылып, есіктер сынған. Екі адам зардап шегіп, 4-ші клиникалық ауруханаға жеткізілген.

Жарақат алғандардың бірі - зейнеткер әйел ауруханада көз жұмды. Ал, «екінші науқастың жағдайы қазір ауыр», - дейді дәрігерлер.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу