Көкшетауда газ баллон жарылысынан зардап шеккен екінші бала көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда газ баллон жарылысынан зардап шеккен екінші бала көз жұмды

04.01.2021

Ақтөбе облысында газ баллоны жарылып, 2 адам зардап шекті. Денесін күйік шалған тұрғындар ауруханаға жеткізілді. Ал Көкшетауда 20-шы желтоқсанда көпқабатты үйлердің бірінде болған жарылыс кезінде зардап шеккен тағы бір бала көз жұмды. Сол күні бір отбасындағы 6 бала түрлі дәрежеде күйік алды. Өкінішке орай, екеуінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. 27-інші желтоқсанда 16 жасар қыз көз жұмған еді. Енді одан 2 жас кіші сіңлісі де қайтыс болды. Қалған 4 баланың жағдайы қалыпты.   

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу