Қызылордадағы үйлердің бірінде газ баллоны жарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордадағы үйлердің бірінде газ баллоны жарылды

22.04.2014
Қызылордадағы үйлердің бірінде газ баллоны жарылды
Қызылордада газ баллоны жарылып, үш адам зардап шекті. Оқыс оқиға қала іргесіндегі Талсуат елді мекені Сауытбаев көшесіндегі жер үйлердің бірінде орын алды. 50 литрлік газ баллоны кенеттен жарылған.
 
Абырой болғанда, өрт тұтанған жоқ. Бірақ, баспананың қабырғасы опырылып, жарамсыз күйге түсті. Түрлі дәрежеде жарақат алған 3 тұрғын қалалық ауруханаға жатқызылды.
 
Айгүл Нұрманова, Қызылорда облысы бойынша ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы:
Қазіргі күні шығыны мен себептері анықталуда, бірақ әртүрлі болжамдар бар. Осының бір себебі - газ баллонды пайдалану кезінде қауіпсіздік сақталмауы.
 
 
Гүлжан ОМАРОВА

Хабарламаларға жазылу