«Болашақ» дауы жаңа қарқын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашақ» дауы жаңа қарқын алды

26.05.2017

Бүгін елордада бір топ азамат «Халықаралық бағдарламалар орталығының» президенті Жанболат Мелдешевтің қызметтен кетуін сұрап, баспасөз конференциясын  өткізді. Осы күнге дейін бұқаралық ақпарат құралдарында  төбе көрсетпеген олар журналистердің барлық сұрақтарына жауап беріп, акционерлік қоғам басшысының атына арыздануларының себептерін түсіндірді.

Осы күнге дейін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Жанболат Мелдешевтің қызметтен кетуін талап етіп, арызданған азаматтар жөнінде еш мәлімет бермей келді. Оған себеп ретінде хатта шағымданушылардың аты-жөндері көрсетілмегендігін айтты. Алайда, бүгін басшыларына көңілі толмаған азаматтар журналистерге өздері шығып, қойылған сұрақтардың барлығына егжей-тегжейлі жауап берді.

Ал, орталық президентінің міндетін уақытша атқарып отырған Мейіржан Алпысбай болса бұл ақпараттың мүлдем шындыққа жанаспайтынын айтады. Шенеуніктің сөзіне сенсек, орталық мамандары қызметтен кету туралы шешімді өз еркімен қабылдайды.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу