Көкшетауда әріптесін өлтірген Жәнібек Баймурзинге қатысты сот процесі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда әріптесін өлтірген Жәнібек Баймурзинге қатысты сот процесі басталды

02.05.2017

Көкшетауда әріптесін өлтірген облыстық Ішкі істер басқармасы бөлімінің бұрынғы бастығы Жәнібек Баймурзинге қатысты сот процесі басталды.

 

Алдын ала тергеу мәліметтері бойынша, ол өткен жылдың 25-желтоқсанында қалалық Ішкі істер бөлімінің аға-лейтенанты Дархан Еламановты атып өлтірген. Қылмыстың ізін жасыру үшін мүрдені Көкшетау-Щучье тасжолының жиегіне қарға көміп кетеді. Көп ұзамай Жәнібек Баймурзин өзі келіп, кінәсін мойындаған. Күдіктіге Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы, яғни, адам өлтіру, заңсыз қару сақтау, ұрлық деректері бойынша айып тағылып отыр. Соттың алғашқы отырысында куәгерлер  сұралды.  

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу