Германияда 96 жастағы әйелге қатысты сот процесі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда 96 жастағы әйелге қатысты сот процесі басталды

19.10.2021

Германияда 96 жастағы әйелге қатысты сот процесі басталды. Ол Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистік лагерде адамдарды жаппай өлтіруге көмектесті деп айыпталып жатыр.

Тергеу құжаттарына сай, Имгард Фрухнер 18 жасында лагерде машинист болып жұмыс істей жүріп, 11400-ден астам адамды қырғынға ұшыратуға қатысқан. Ол 1943-45 жылдары Штуттгоф лагерінде қызмет етіпті. «Шпигель» журналының дерегінше, сотталушы сол кезде өлім жазасы туралы бұйрық әзірлеумен де айналысқан.


Хабарламаларға жазылу