Ержан Өтембаевқа қатысты сот процесі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ержан Өтембаевқа қатысты сот процесі басталды

22.01.2014
Ержан Өтембаевқа қатысты сот процесі басталды

Бүгін Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық сотында белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырыс берді деп сотталған Ержан Өтембаевқа қатысты сот процесі басталды.

 
Айта кету керек, сот тыңдауы ашық түрде өтіп, оған айыпталушы Өтембаевтың өзі де жеткізілді. Сотқа сондай-ақ, барлық мемлекеттік және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуға мүмкіндік алды.
 
Алайда, жәбірленуші тарап жаңа қорғаушыларының іспен толық таныспағандығын алға тартып, сот ісін 27-қаңтарға дейін шегеруді өтінді.
 
Ирак Елекеев, қоғам қайраткері, сот қызметінің құрметті қызметкері:
Бұл өте жауапты іс деп ойлаймын. Бұқаралық ақпарат құралдарының бәрі қатысып, баға беруіне толықтай мүмкіншілік бар.Сот процесінің Талдықорғаннан Каскелеңге ауысуына байланысты бұл жерде жан-жақтан келген азаматтардың барлығы қатыса алады. 
 
Әйгерім МУСИНА

Хабарламаларға жазылу