Көкшетауда әріптесін өлтірді деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда әріптесін өлтірді деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды

28.12.2016
Осыдан бірер күн бұрын Көкшетауда жоғалып кеткен полиция қызметкерінің өлі денесі қала сыртынан табылды. Қалалық Ішкі істер бөлімінің аға лейтенанты Дархан Еламановты әлдебіреу атып өлтірген. Кейін киімін жағып жіберіп, денесін қарға көміп кеткен. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар күдікті анықталып, ұсталды. Ол - jблыстық Ішкі істер басқармасының бөлім бастығы - полиция майоры Жәнібек Баймурзин.


Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу