Қостанай облысында қар астында қалған үйлерге қауіп төніп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында қар астында қалған үйлерге қауіп төніп тұр

20.03.2017

Қостанай облысындағы Семенов аулының тұрғындары күннің күрт жылынуын үреймен күтіп жүр. Себебі тау боп үйіліп, сіресіп жатқан қар күн жылынған соң еріп, үй-жайды су басып кете ме деп қауіптенеді.

Тұрғындар қыс бойы қолдарынан күрек түспегенін айтады. Олар шамалары жеткенше қарды аршып, жүретін жолы мен үйдің есігін ашық ұстауға тырысып баққан.  Алайда, табиғаттың дүлей күшіне төтеп беру мүмкін болмапты. 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу