Жетісу облысында балаларды ұрған тәрбиешілер жұмыстан қуылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында балаларды ұрған тәрбиешілер жұмыстан қуылды

16.05.2024

Балабақшаларда балаларды ұрып-соғу тыйылмай тұр. Бұл жолғы жаға ұстатар оқиға 14 мамырда Жетісу облысының Панфилов ауданында болған. Головацкий ауылындағы бөбекжай қызметкерлері бүлдіршіндерге күш қолданған сәттері бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Ата-аналардың бірі баласының жарақат алып келгенін көріп, бақылау камераларын тексеруді талап еткен. Нәтижесінде тәрбиешілердің өзге де балаларды ұрғаны анықталған.

Облыстық Білім басқармасының мәліметінше, қазір бір тәрбиеші мен оның көмекшісі және балабақша әдіскері жұмыстан қуылды. Қылмыстық кодекстің 140-бабы бойынша іс қозғалып, тергеп-тексеру басталды.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу