Лос-Анджелестегі үйлерге қауіп төніп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лос-Анджелестегі үйлерге қауіп төніп тұр

29.12.2017

АҚШ-тың Калифорния штатында өрт қаулап жатыр. Тілсіз жаудан Лос-Анджелестегі үйлерге айтарлықтай қауіп төніп тұр. От таңертеңгі сағат 8-дерде тұтанып, лезде біраз аумаққа тарап үлгерген. Әзірге, тұрғындарды эвакуациялауға тапсырма берілген жоқ. Ал, өрттің тұтануына не себеп болғаны белгісіз.

Бұған қоса, Нью-Йоркте кеше кешкісін үй өртеніп, 12 адам қаза тапты. Құрбандардың саны әлі де өсуі мүмкін. Өйткені, жараланған 10 адамның төртеуі мүшкіл халде жатыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу