15 маусым – ақын Әбдікәрім Ахметовтың дүниеге келген күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

15 маусым – ақын Әбдікәрім Ахметовтың дүниеге келген күні

15.06.2016
15 маусым – ақын Әбдікәрім Ахметовтың дүниеге келген күні

15 жыл бұрын (2001) «Шанхай бестігі» Өзбекстанмен толығып, Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрылды.

20 жыл бұрын (1996) Абай шығармаларының жинағы Иранда парсы тілінде басылып шықты.

23 жыл бұрын (1993) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Үндістан Республикасында Қазақстан Елшілігі ашылды.

51 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасының Премьер-министрi, экономика ғылымдарының докторы Кәрім МӘСІМОВ дүниеге келді.

75 жыл бұрын (1941) заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Жоғарғы Соты Ғылыми-консультативтік кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Халықаралық Жамбыл сыйлығының лауреаты, Алматы облысы Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Арықбай АҒЫБАЕВ дүниеге келді.

78 жыл бұрын (1938-2016) палуан, еркін күрестен спорт шебері Әбілсейіт АЙҚАНОВ дүниеге келді.

83 жыл бұрын (1933-1999) актер, Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұхтар БАҚТЫГЕРЕЕВ дүниеге келді.

92 жыл бұрын (1924-1983) ақын, аудармашы Әбдікәрім АХМЕТОВ дүниеге келді.

93 жыл бұрын (1923-1983) жазушы Жұмабек ЕДІЛБАЕВ дүниеге келді.

106 жыл бұрын (1910-1986) дәрігер-эпидемиолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Қуаныш МӘКІРОВ дүниеге келді.

112 жыл бұрын (1904-1981) кинорежиссер, оператор, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері Осман ЗЕККИ дүниеге келді.

 

 

Хабарламаларға жазылу