Футболдан қазақстандық әртістер оңтүстіккореялық әріптестерін ұтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан қазақстандық әртістер оңтүстіккореялық әріптестерін ұтты

10.06.2015
Футболдан қазақстандық әртістер оңтүстіккореялық әріптестерін ұтты

«В» тобында сынға түсіп жатқан қазақстандық әртістер оңтүстіккореялықтарды 3:1 есебімен жеңді. Гол авторлары – Қазбек Әлқожаев, Амангелді Меңдібаев және Батыр Байназаров.

Ойын барысында Қазақстан әртістер құрамасына екі рет 11 метрлік айып соққысы белгіленген. Қарсыластар біреуін нәтижелі пайдаланса, екіншісін қақпашымыз Әбдікәрім Каримов қайтара білді.

Екі ойыннан соң Қазақстан әртістер құрамасы 4 ұпайға ие болды. Бірінші ойында Қырғыз әртістерімен тең ойнаған.

Енді әртіс футболшылар 11 маусым күні Германиялық әріптестеріне қарсы ойнайды.

Хабарламаларға жазылу