Бүгін – ақын Жарасқан Әбдірашевтың дүниеге келген күні   - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – ақын Жарасқан Әбдірашевтың дүниеге келген күні  

07.03.2017
Бүгін – ақын Жарасқан Әбдірашевтың дүниеге келген күні  

5 жыл бұрын (2012) «Қазақстандық менеджмет, экономика және болжау институты (КИМЭП) мемлекеттік қайта тіркеуден өтіп, «КИМЭП Университеті» АҚ атауына ие болды.

342 жыл бұрын (1675-1768) ақын-жыршы, жырау, батыр АҚТАМБЕРДІ Сарыұлы дүниеге келді. 1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болды. 1738-1752 жылдары қазақ-қалмақтың қанды қақтығыстарының барлығына дерлік қатысқан. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген.

72 жыл бұрын (1945-2011) дәрігер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі Амантай БІРТАНОВ дүниеге келді.

71 жыл бұрын (1946) киносценарист, режиссер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Сатыбалды (Сәкен) НАРЫМБЕТОВ дүниеге келді.

70 жыл бұрын (1947) техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Досым СҮЛЕЕВ дүниеге келді.

68 жыл бұрын (1948-2001) ақын, Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, М.Әуезовтың 100 жылдығына, сондай-ақ, Қарабура әулиеге арналған ақындар мүшәйраларының бас жүлдегері Жарасқан ӘБДІРАШЕВ дүниеге келді.

53 жыл бұрын (1964) Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиадалық ойындардың төрт дүркін күміс және екі мәрте қола жүлдегері КСРО-ның шаңғы спортынан бірнеше мәрте чемпионы, 2011 жылы Қазақстанда өткен қысқы Азиялық ойындарды ұйымдастырушылардың бірі, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы Владимир СМИРНОВ дүниеге келді.

Хабарламаларға жазылу