«Нұр Ғасыр» мешітінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Ақтөбе облысының имамдарымен кездесті. Кездесуге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев және Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысты.
Бас мүфти жиналғандарды туған ұлы ата-анасын кәпір деп олардан бас тартатын діни фанатизмнен аулақ болуға шақырды.
- Егер мұсылман өзгені қасақана өлтірсе, оның орны - мәңгілік тозақ болмақ. Біздің заманда әрекетін дінмен бүркелегісі келетін адамдар бар. Дегенмен олардың дінге деген еш қатысы жоқ. Дінде діни фанатизмнен сақтану керек. О дүниенің қамымен қатар, осы дүниенің жайын да ойлау керек, - деп атап өтті Ержан қажы Малғажыұлы.