Президент Бас мүфтимен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Бас мүфтимен кездесті

21.02.2020
Президент Бас мүфтимен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірет-Сұлтан мешітіне барып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңадан сайланған Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті. Президент Бас мүфтиді жаңа лауазымымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі. Ал Наурызбай қажы Тағанұлы Мемлекет басшысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ақпараттық, ұйымдастырушылық және қайырымдылық бағытындағы жоспарларын айтып берді. Басқарма жұмысы имандылық, отаншылдық, ауызбіршілік, еңбекқорлық, әділдік, білім мен мәдениет сынды жеті рухани қазыққа негізделмек. 

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу