Президент Әзірет Сұлтан мешітіне барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Әзірет Сұлтан мешітіне барды

21.02.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірет-Сұлтан мешітіне барып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңадан сайланған бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті. Бас мүфти діни басқарманың ақпараттық, ұйымдастырушылық және қайырымдылық бағытындағы жоспарларын айтып берді. Басқарма жұмысы имандылық, отаншылдық, ауызбіршілік, еңбекқорлық, әділдік, білім мен мәдениет сынды жеті рухани қазыққа негізделмек.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу