Бас мүфти қызметіне Н.Тағанұлы сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас мүфти қызметіне Н.Тағанұлы сайланды

07.02.2020

Еліміздің Бас мүфтиі ауысты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы қызметіне Наурызбай қажы Тағанұлы сайланды. Бүгін Елордада басқарманың кезектен тыс ІХ Құрылтайы өтіп, жиналған 300 делегат Серікбай қажы Ораздың ұсынған кандидатурасына бірауыздан дауыс берді. Оның діни салада тәжірибесі мол. Осыған дейін ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы қызметін атқарды. Биыл қаңтарда діни басқарманың құрылғанына 30 жыл толды. Осы мерейтой аясында 30 мешітке ел игілігі жолында қызмет еткен тұлғалардың, соның ішінде әл-Фараби мен Абайдың есімін берілмек. 30 елді мекеннің ауыз су, жол-көпір мәселесіне оң ықпал ету, 30 отбасыға қайырымдылық жасау, 30 студентке грант тағайындау және 30 мешітке күрделі жөндеу жүргізу сияқты жұмыстар қолға алынған.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу