Әскери корабльдерге француздық қаруларды орнату мәселесі қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери корабльдерге француздық қаруларды орнату мәселесі қаралды

24.02.2016
Әскери корабльдерге  француздық қаруларды орнату мәселесі қаралды
Әскери корабльдерге  француздық қаруларды орнату мәселесі қаралды

Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанұзақов Орал қаласына жұмыс сапарымен барды.Сапар барысында «Зенит» зауытында болып, қазақстандық кәсіпорындардың мүмкіндіктерімен танысты. Контр-адмирал әсіресе әскери кемелерімізге француздық қару-жарақты орнату мәселесіне айырықша назар аударды. Ал, бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.


Контр-адмирал Жандарбек Жанұзақов: «Әскери-теңіз күштері жалпы алғанда, Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсібі кешеніне ерекше көңіл бөледі. Жаңа қару-жарақты жеткізу мен сатып алу немесе ескіні жаңғырту туралы сөз болғанда онда бірінші кезекте біз қазақстандық кәсіпорындарымыздың мүмкіндіктерін қарастырамыз», - деп атап өтті.

Соңғы жылдары қазақстандық кәсіпорындармен жұмыс жасау тәжірибесі отандық өнеркәсіптің кез келген күрделі міндеттерді орындауға қабілетті екендігін көрсетті. Сондықтан, контр-адмиралдың Орал қаласына жұмыс сапарымен баруының да басты міндеттерінің бірі отандық кәсіпорындардың мүмкіндіктерімен жақынан танысу болып отыр. Әскери теңіз күштерінің қолбасшысы Оралдағы «Зенит» зауыты мен MBDA компаниясы өкілдерімен кездесті. Әскери теңіз күштері бас қолбасшылығы мен өндірушілер қатысқан үш жақты кездесуде кемелерге франуыздық зымырандарды орналастыру мәселесі қаралды..

«Біз отандық кәсіпорындар жасаған, қазірдің өзінде 5 жылдан аса қызмет атқарған корабльдерімізді жаңғырту мүмкіндіктерін, оларға заманауи қару-жарақ түрін орнату мәселесін қарастырдық. Біз екі негізгі мәселені талқыладық. Біріншісі – француздықтар жасаған кемеге қарсы зымырандарды өз кораблдерімізге орнату мүмкіндігі. Екіншісі – отандық кәсіпорында француз компаниясының технологиясын қолдана отырып, жағалаулық зымыран кешендерін құру мәселесі», - деді Әскери теңіз күштерінің бас қолбасшысы.

Әскери корабльдерге  француздық қаруларды орнату мәселесі қаралды

Естеріңізге салар болсақ, француздық MBDA компаниясы кемеге қарсы зымырандарды шығаруда әлемдік көшбасшы болып есептеледі. Әлем елдерінің 40-50 пайызында осы компания өндірген кемеге қарсы зымырандармен жабдықталған заманауи корабльдер бар. Ал, компания әлемдегі 90 елдің армиясымен тығыз байланыста жұмыс істейді


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу