Әскери зейнеткерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі шешімін табады

20.11.2017

Әскерилерді баспанамен қамтамасыз етуді көздейтін заң жобасы Сенаттың комитет отырысында қаралды. Оған сәйкес, әскери қызметшілерге екінші деңгейлі банктердегі жеке арнаулы есепшоттарға ай сайын тұрғын үй төлемдері аударылатын болады. Мөлшері бір адамға шаққанда 18 шаршы метрге көбейту арқылы есептелінеді. Бірінші кезекте 20 жыл және одан көп ғұмырын әскери борышын өтеуге арналған әскери зейнеткерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі шешімін табады. Олардың біразы көшіп кету мүмкіндігі болмағандықтан, әлі күнге жабық және оқшауланған әскери қалашықтарды меншікті баспанасыз қызметтік тұрғын үйлерге тұруға мәжбүр. Құжатты Сенаттың жалпы отырысына шығару туралы шешім қабылданды.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу