Еуросаммитте Грекия мәселесі қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуросаммитте Грекия мәселесі қаралды

26.06.2015
Еуросаммитте Грекия мәселесі қаралды

Одаққа мүше елдердің басшылары сиырқұйымшақтанған Грекия дағдарысы мен Еуропаның «бас ауруына» айналған босқындар мәселесін талқылауда.

Алексис Ципрас үкіметі мен халықаралық кредиторларлың үштігі ортақ мәмілеге келе алмай жатыр.

Еуропалық комиссия, Еуропа даму банкі мен Халықаралық валюта қоры Грекияға 12 миллиард еуро беруге дайын екендіктерін жеткізді. Бірақ, ол үшін Грекия Үкіметі бюджет шығынын жылына 2 миллиард еуроға азайтуы тиіс. 

Ал, Алексис Ципрас онсызда дағдарыстан дегбірі қашқан мемлекеттік қызметкерлер мен зейнеткерлерді мазаламай, жауапкершіліктің ауыр жүгін ауқаттыларға жүктемекші.

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу