Алматыда үздік инженерлер марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда үздік инженерлер марапатталды

20.01.2016
Алматыда үздік инженерлер марапатталды
Сарапшылар републиканың барлық аймағынан түскен 350 жобаны қарап, соның ішінде 11 ауқымды еңбекті жоғары бағалады.

Бүгін Алматыда алғаш рет еліміздің үздік инженерлері марапатталды. Ұлттық инженерлік академияның сарапшылары републиканың барлық аймағынан түскен 350 жобаны қарап, соның ішінде 11 ауқымды еңбекті жоғары бағалады.

Таңдалған туындылар өндірістік саланы технологиялық, инженерлік жабдықтауға әрі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруға соны серпін береді.

Әсіресе, мұнай-газ өндіру, энергетикалық шикізат дайындау бағытында инженер кадрлардың еңбегі елеулі.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу