Алматыда үздік ұстаздар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда үздік ұстаздар марапатталды

21.12.2017

Алматыда «Педагогикалық идеялар» фестивалі өтті. Оған әр аймақтан 300-ден астам ұстаз қатысты.

Олар педагогикалық білім беру ісіндегі бастамаларын таныстырды. 9 түрлі тақырып бойынша байқауда тек үздіктері іріктелді. Солардың ішінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы Назарбаев мектебі мен дарынды балаларға арналған арнаулы білім орнының мұғалімдері бар. Ғылыми жұмыстары жоғары бағаланған жеңімпаздарға Білім және ғылым министрлігінің арнайы дипломдары табысталып, марапатталды.

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу