Бүгін еліміздің бірқатар өңірлерінде жаңбыр жауып, тұман түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін еліміздің бірқатар өңірлерінде жаңбыр жауып, тұман түседі

09.10.2015
Бүгін еліміздің бірқатар өңірлерінде жаңбыр жауып, тұман түседі

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронт өтеді. Осыған байланысты Ақмола, Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Маңғыстау облысында, күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20-метрге дейін күшейеді, ал Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында құмды дауыл болады.

Батыс Қазақстан және Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түспек. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында жел екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін.

Хабарламаларға жазылу