Еліміздің бірқатар аймақтарында ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің бірқатар аймақтарында ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді

26.09.2016
Еліміздің бірқатар аймақтарында ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады. Тек батыс пен оңтүстік өңірлердің кей жерлерінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, жел күшейеді.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында күндіз найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар, Ақмола, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.

Хабарламаларға жазылу