Сочиде БАҚ фестивалі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочиде БАҚ фестивалі өтіп жатыр

03.10.2015
Сочиде БАҚ фестивалі өтіп жатыр

Жиын кезінде Қазақстанда қолға алынған маңызды стратегиялық құжаттар, 2017 жылы өтетін Экспо көрмесі және қазақ журналистикасының қазіргі аяқ алысы ресейліктердің ерекше назарын аударды.

Фестиваль аясында Қазақстанның күндері өтті. Шара кезінде еліміздің түрлі салада қол жеткізген табыстары жайлы айтылып, қолға алынған реформалардың барысы талқыланды. Жиналған қауым 5 институционалды реформа мен оны іске асыруға арналған «100 нақты қадам»  туралы жан-жақты хабардар болды.   

Отырыстың соңында Ресей Журналистер одағының төрағасы Қазақстаннан келген ақпарат құралдарының басшыларын арнайы сыйлықпен марапаттады. Фестиваль 7-ші қазанға дейін болады.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу