Сочидегі спорт жаңалықтары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочидегі спорт жаңалықтары

11.02.2014
Сочидегі спорт жаңалықтары
 
Сочиде өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Дмитрий Рейхард могул сайысы бойынша сынға түсіп, 5-ші орынды иеленді. Ал, 17 жастағы Павел Калмаков 10-шы орынды місе тұтты.
 
Естеріңізге сала кетейік, жарыстың осы түрінде қыздар арасында бақ сынаған Юлия Галышева финалға шығып, 7-ші орыннан көрінді. Сондай-ақ, конькимен 500 метр қашықтыққа жарыс жолына шыққан жерлесіміз Роман Креч 7-ші орында тұрақтады.
 
Әзірге ел қоржынында бір де бір медаль жоқ. Алдағы уақытта спортшыларымыз лайықты ойын көрсетіп, ел байрағын желбіретеді деп сенеміз.
 
   

Хабарламаларға жазылу