Алматыда «Наурыз-21» фестивалі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Наурыз-21» фестивалі өтіп жатыр

03.04.2018

«Музыка тілі әлем елдерін бір-бірімен жақындастырып, мәдени байланысты арттырады». Бұл туралы дәстүрлі «Наурыз-21» заманауи музыка фестивалінде Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова айтты. Оның сөзінше, қазір қазақ әуенінің құдіретін жаһан жұрты сезіне бастаған. Сондықтан, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен халықаралық фестивальге әлемдегі ең таңдаулы композиторлар мен орындаушылар келген. Жалпы, қазақ музыка мәдениетінің деңгейі барлық жанрларда жоғары дамып келеді. «Бүгінгі шара соның жарқын көрінісі болды», - дейді музыканттар. 

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:

- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасында қоғамның алдында үлкен тапсырыстар қойылды. Соның ішінде тағы бір үлкен бағыт ол заманауи қазақстандық мәдениетті бүкіл жер шарына көрсету. «Наурыз-21» фестивалі осы бағдарламаның шеңберінде деп ойлаймын.

   

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу