Сочиде III Еуразиялық конгресс өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сочиде III Еуразиялық конгресс өтіп жатыр

09.06.2023

«Солтүстік-Оңтүстік» дәлізін Транскаспий халықаралық көлік бағытымен байланыстырудың айтарлықтай әлеуеті бар. Осы арқылы өткен жылы жүк тасымалдау көлемі екі есе өсті. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сочи қаласында өткен III Еуразиялық конгресстің пленарлық сессиясында мәлімдеді. Ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі – көлік инфрақұрылымын дамыту. Мәселен, Ресей шекарасынан Қазақстан арқылы Қытайға дейінгі «Бақты-Аягөз» теміржолының құрылысы жүріп жатыр. Жаңа көлік жолы тауарларды жеткізу қашықтығы мен мерзімін біршама қысқартады.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Солтүстік-Оңтүстік» және «Шығыс-Батыс» көлік дәліздерінің әлеуетін бірлесіп ашуы қажет. «Ақтау» және «Құрық» теңіз порттары, «Қорғас» орталығы, сондай-ақ Сиань құрғақ портындағы жоспарланған логистикалық орталық әлемдік нарықтарға қосымша қақпа бола алады. Сонымен қатар біз «тар жерлерді» синхронды жою және көлік бағыттарын одан әрі дамыту бойынша атқарып жатқан жұмыстардың маңызы зор.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу