Елімізде есептеу және ақпараттық технологиялар пайдаланыла бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде есептеу және ақпараттық технологиялар пайдаланыла бастады

25.09.2015
Елімізде есептеу және ақпараттық технологиялар пайдаланыла бастады

Елімізде есептеуге арналған жаңа технологиялық құрылғылар өндіріс ошақтарын басқаруда және жобалауда пайдаланыла бастады. Бұл туралы бүгін Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Есептеу және ақпараттық технологиялар ғылымда, техникада және білімде» тақырыбында өткен халықаралық конференцияда айтылды.

Жиында ақпараттық технологиялардың жетістіктері мен келешекте өндірісте қолдану мәселесі талқыланды. АҚШ, Жапония, Үндістан, Ресей  және Түркияның ғалымдары жаңа технологиялардың даму бағыттары туралы баяндама оқып, отандық жаратылыстану саласының ғалымдарымен пікір алмасты.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

 

 

                      

Хабарламаларға жазылу