Оқу бағдарламаларына «Кәсіптер атласы» енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқу бағдарламаларына «Кәсіптер атласы» енгізіледі

01.04.2022

Себебі, кей мамандықтарға сұраныс жоқ. Мысалы, елде 130-ға тарта кәсіп түрі жойылу алдында. 200-ден астам түрі жаңадан пайда болды. Премьер-Министр еңбек нарығы білім беру мекемелері мен жұмыс берушілердің жаңа салаларға бейімделуін талап ету қажеттігін айтты. Кәсіптер картасы – мұнай және газ, энергетика, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, туризм, көлік және логистика, машина жасау және құрылыс бағыттарын қамтиды. Биыл 406 кәсіпорын техникалық-кәсіптік білім беру колледжін қамқорлыққа алды. Техникалық маман даярлауға мемлекеттік тапсырыс 70%-ке дейін ұлғайтылды. Бұдан бөлек арнаулы оқу орындары мен жұмыс берушілер бірлесе білім беру бағдарламаларын әзірлей бастады.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу