«Robocon games – 2015» робот құрастырушылар чемпионаты өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Robocon games – 2015» робот құрастырушылар чемпионаты өтті

21.12.2015
«Robocon games – 2015» робот құрастырушылар чемпионаты өтті
«Robocon games – 2015» робот құрастырушылар чемпионаты өтті

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ұйымдастыруымен «Robocon games – 2015» чемпионаты өтті.

«Robocon games – 2015» робот құрастырушылар чемпионаты өтті
Ашылу салтанатына «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымдарының Басқарма төрайымы Күләш Шамшидинова экономика ғылымдарының докторы, профессор Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры Дамир Шыныбеков, “Robocon games” чемпионатының бас демеушісі «Шеврон Қазақстан» компаниясының өкілі Жанар Қожбанова, сондай-ақ, елімізге белгілі техника саласындағы профессорлар мен мамандар қатысты.

«Robocon games – 2015» робот құрастырушылар чемпионаты өтті

Чемпионат биыл елімізде алғаш рет Алматы қаласының оқушылары арасында Қазақстандағы робот жасау саласының сапасын арттыру мақсатында өткізіліп отыр. Ереже бойынша оқушылар өздері арнайы әзірлеген бағдарламалары мен ойлап тапқан дизайндары бойынша роботтарды құрастырады.

Жыл сайын елімізде лего роботтарын құрастыру бойынша олимпиада өткізіліп жүргенін білеміз, бірақ бүгінгі сайыс бұрынғы сайыстардан кәсіби деңгейі жағынан да, техникалық ерекшеліктері жағынан да өзгерек.

Сайыс қорытындысы бойынша Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектептің оқушыларынан құралған екі команда бірінші, екінші орындарды қанжығаларына байлады. Бірінші орынға тағайындалған жүлде 700000 теңге ақшалай сыйлық, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде оқуға 50% жеңілдік және 3D принтер. Ал екінші орынға 500000 теңге ақшалай сыйлық, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде оқуға 30% жеңілдік және 3D принтер. Үшінші орынды иеленген Алматы қыздар Қазақ-түрік лицейі командасына 300000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде оқуға 10% жеңілдік және 3D принтер берілді.

Сайысқа қатысқан өзге де командаларға ноутбуктер, гирокоптерлер сыйға берілді. Жоғары деңгейде өткізіліп отырған чемпионат алдағы уақытта жыл сайын өткізіледі деп жоспарланып отыр.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу