Алдағы 5 жылда елімізде ондаған жаңа мамандық пайда болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы 5 жылда елімізде ондаған жаңа мамандық пайда болады

22.09.2021

Ал алдағы 5 жылда елімізде ондаған жаңа мамандық пайда болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше мұнай-газ, тау-кен, металлургия, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, машина жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, энергетика, туризм және құрылыс сияқты салаларда жаңа мамандықтар пайда болады. Әсіресе 3D-баспа шебері, ауқымды деректердің сәулетшісі, digital-технолог, пилотсыз ұшу аппараттарының операторы, жұмыс процестерін 3D-модельдеу жөніндегі мамандар орта толтырып, сұранысқа ие болады дейді сарапшылар.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу