Гүлшара Әбдіқалықова Санкт-Петербургтегі студенттермен және қазақ диаспорасымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлшара Әбдіқалықова Санкт-Петербургтегі студенттермен және қазақ диаспорасымен кездесті

24.09.2015
Гүлшара Әбдіқалықова Санкт-Петербургтегі студенттермен және қазақ диаспорасымен кездесті

Басқосу кезінде Мемлекеттік хатшы, елімізде қолға алынған институционалды реформалардың барысына тоқталып, оны іске асыруға арналған 100 нақты қадам жайлы хабардар етті.

Қазір Санкт-Петербург қаласындағы 60-қа жуық жоғары оқу орындарында 3 жарым мың қазақстандық жас білім алуда. Олар, университеттен соң жұмысқа тұру, ресейлік компанияларда тәжірибеден өту және көрші елде жүргенде медициналық көмек алу сынды бірақатар мәселелерді көтерді. Қазақ диаспорасының өкілдері  тарихи отанына оралса қандай көмек алатындарын білді. Гүлшара Әбдіқалықова осы және өзге де мәселелердің ескерусіз қалмайтынын айтты.    

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу