Санкт-Петербург қаласында Еуразиялық әйелдер форумы өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Санкт-Петербург қаласында Еуразиялық әйелдер форумы өтуде

24.09.2015
Санкт-Петербург қаласында Еуразиялық әйелдер форумы өтуде

Қазақ елінің делегациясын Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова бастап барды. Форум барысында танымал әйел саясаткерлер мен көрнекті қоғам қайраткерлері және белгілі өнер адамдары баршаға ортақ мәселелерді талқылауда.

Басты мәселе, гендерлік теңдікті сақтап, әйелдердің құқығын қорғау. Бұл тұрғыда, жиында алғашқылардың бірі болып сөз алған Гүлшара Әбдіқалықова, соңғы жылдары Қазақстанда көптеген жұмыс атқарылғанын айтты.

Мемлекеттік хатшы жиналған қауымды 2017 жылы Астанада өтетін «Экспо» көрмесіне шақырып, форумның жұмысына қатысты нақты ұсыныстар жасады.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу