Ахметқалиевтар отбасы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңінде топ жарған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ахметқалиевтар отбасы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңінде топ жарған

01.07.2015
Ахметқалиевтар отбасы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңінде топ жарған

Отағасы Ануархан құрылысшы, ал оның өмірлік жары Айгүл мектепте жұмыс істейді. 3 баланың алды студент, қалған екеуі оқушы. Бір-сөзбен айтқанда, өнегелі, өнерлі отбасы.

Ән көңілдің, ал әйел үйдің ажары. Отбасының ұйытқысы болып отырған Айгүл өнерге бала кезінен үйір болған. «Ән шырқап, домбыра шерткенімді өмірлік жарым әрдайым қолдап отыратыны - мен үшін үлкен бақыт»,- дейді ол.

Ахметқалиевтар отбасы таяуда ғана «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңінде топ жарған. Бұдан соң облыстық байқауға да қатысып, өз өнерлерімен жиналған жұртты тәнті еткен. 

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу