«Мерейлі отбасы» байқауы мәресіне жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мерейлі отбасы» байқауы мәресіне жетті

19.09.2014
«Мерейлі отбасы» байқауы мәресіне жетті

Бүгін Астанада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталмақ. Жүзден жүйрік шыққандар марапатталатын салтанатты шара «Қазақстан» Орталық концерт залында өтеді.

Шараға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысады. Елімізде тұңғыш рет өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы Елбасының Жарлығына сәйкес ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты - отбасы институтын нығайту, отбасы құндылықтарын арттыру, отбасы өмірін жастарға насихаттау.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу