«Мерейлі отбасы» байқауына 1 298 отбасы қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мерейлі отбасы» байқауына 1 298 отбасы қатысты

18.09.2014
«Мерейлі отбасы» байқауына 1 298 отбасы қатысты

19 қыркүйекте «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздары анықталады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Махаббат Бекбосынова мәлімдеді, деп хабарлады Астана әкімдігі сайты.

Оның айтуынша, биыл «Мерейлі отбасы» байқауына 1 298 отбасы қатысты. «Соның ішінде 16 үздік отбасы анықталды. Жалпы алғанда, бұл шартты нәрсе, өйткені елімізде бұл атаққа лайық отбасылар өте көп. Бүгін Астана бүкіл отбасын қарсы алады. Еліміздегі ең үлгілі отбасыға дауыс беру 19 қыркүйекте таңертең аяқталады. Осылайша, үздік отбасы анықталады, олар гала-концертте марапатталады», - деді М. Бекбосынова.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының гала-концерті 19 қыркүйекте «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді. Елімізде өнегелі құндылықтарды жаңғырту мен отбасы мәртебесін арттыру мақсатында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауын барлық қала мен өңірлерде өткізуді тапсырған болатын.

Хабарламаларға жазылу