Биыл «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына 1298 отбасы қатысқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына 1298 отбасы қатысқан

18.09.2014
Биыл «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына 1298 отбасы қатысқан

Биыл «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына 14 облыстан 1298 отбасы қатысып, әр өңірден 16 отбасы үздік атанған.

Елбасымыз биылғы жылы «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауын өткізу туралы тапсырма берген болатын. Ел тарихында алғаш рет ұйымдастырылған осы байқаудың маңызы бөлек. Отбасы институтын нығайту, отбасы құндылықтарын арттыру, отбасы өмірін жастарға насихаттау – «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының негізігі мақсаты.

«Алғаш рет өткізіліп жатқанына қарамастан, байқауға қатысуға көптеген отбасылар үміт білдірді. «Мерейлі отбасы» мерекесі бұдан былай жыл сайын, еліміздің әр өңірінде тойланатын болады. Сонымен қатар, бұл сайысқа кез келген отбасы қатысып, жеңімпаз атануы әбден мүмкін», - деді ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Махаббат Бекбосынова.

Республикалық деңгейдегі үздік «Мерейлі отбасы» 25 тамызда басталған жалпыхалықтық дауыс беру нәтижесі бойынша, 19-шы қыркүйек күні анықталады.

Хабарламаларға жазылу