Ұлттық арна эфирінен көрсетілген «Сырғалым» телехикаясы DVD форматта сатылымға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна эфирінен көрсетілген «Сырғалым» телехикаясы DVD форматта сатылымға шықты

20.06.2015
Ұлттық арна эфирінен көрсетілген «Сырғалым» телехикаясы DVD форматта сатылымға шықты

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «Көркем фильм» кинокомпаниясы бірігіп жасаған телеөнім миллиондаған көрерменнің көзайымына айналған. Қазақ тілінде түсірілген ең танымал телехикаяны көрмеген көрермен болса, енді кез келген жерден сатып алып көруіне мүмкіндік бар.

«2014 жылдың үздік телехикаясы» атанған туындының «Сырғалым-2» деп аталған жалғасы да болашақта сатылымға шықпақ. Сондай-ақ, осы өнімді Қазақстанның жеке телекомпанияларына сатып, ұсыныстар түссе шетелдік телеарналарға тарату жоспарлануда. 

 

Аманкелді СЕЙТХАН

Хабарламаларға жазылу