«Сырғалым» телехикаясы жаппай сатылымға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сырғалым» телехикаясы жаппай сатылымға шықты

19.06.2015
«Сырғалым» телехикаясы жаппай сатылымға шықты

Бүгін Алматыда «Сырғалым» телехикаясының ресми DVD-басылымының жарыққа шығуына орай баспасөз мәслихаты өтті.

Шараға «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының директоры Ілияс Ысқақов, қоюшы-режиссер Рашид Сүлейменов, «Көркем фильм» кинокомпаниясының бас продюсері Ильхам Джалилов және басты рөлді сомдаған актриса  Жұлдыз Маханова қатысты.

Айта кету керек, «Сырғалым» телехикаясы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша «Көркем фильм» кинокомпаниясымен түсірілген.

Телехикая Ұлттық арна эфирінен алғаш рет 2014 жылы көрсетілді. Туынды  аз уақыт  ішінде миллионнан астам көрермен аудиториясын жинап, республика тарихында үздік телеөнімдердің қатарына қосылды.

«Сырғалым» телехикаясы «Жыл таңдауы» конкурсының қорытындысы бойынша «2014 жылдың үздік сериалы» атағын алса, басты рөлді сомдаған актриса Жұлдыз Маханова «2014 жылдың Үздік актрисасы».

Хабарламаларға жазылу