«Жыл таңдауы-2014». «Үздік телехикая» - «Сырғалым» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жыл таңдауы-2014». «Үздік телехикая» - «Сырғалым»

05.12.2014
«Жыл таңдауы-2014».  «Үздік телехикая» - «Сырғалым»

«Қазақстан» РТРК» АҚ 2013/2014 телевизиялық маусымының жыл үздіктерін анықтады. «Жыл таңдауы-2014» байқауында «Үздік телехикая» Ұлттық арна эфирінен көрсетілген «Сырғалым» телехикаясы деп танылды.

Телехикаяны түсірген «Көркемфильм» продюсері Илхам Джалилов арнайы диплом берілді. Марапатты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сәбильянов тапсырды.

Айта кетейік, «Сырғалым» телехикаясының жалғасы түсірілуде. Жақында Ұлттық арна эфирінен телехикаяның жаңа маусымы көрсетіледі.

«Сырғалым» телехикаясы - ауылдық тәрбие көріп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындап өскен қыз туралы. Қарапайым қазақ отбасы ел қатарлы өмір сүреді. Бір күні бұл шаңыраққа ауылдан отағасының жақын досының қызы келеді. Бұл отбасының үлкен ұлы ауыл қызына қамқорлық танытса, ортаншысы оған ғашық болады. Ал кенже ұлы қызды үйінен кетіруді ойлайды. Ауылдық тәрбие көрген қыз қазақы болмысты ұмытуға шақ қалған қала тұрғындарының өміріне өзгеріс әкеледі.

Телехикаяда басты рөлдерді - Жұлдыз Маханова, Шер Әлі, Омар Қиқымов, Қалампыр Айсанғалиева, Әлихан Ыдырышева, Жандарбек Садырбаев сомдаған. 

Хабарламаларға жазылу