Құран-кәрімді жатқа оқудан өткен VI республикалық байқауда 14 жастағы Дулат Қалықұлов жеңіске жетті.
Үздік танылған Жамбыл облысының тумасы «Hyundai» автокөлігін иеленді.
Алматыдағы «Байкен» мешітінде өткен жарысқа еліміздің барлық аймағынан 30 жасқа дейінгі 33 қари қатысты.
Екі күнге созылған сайыста хафиздердің Құран Кәрімді жаңылмай жатқа оқуына, Құран аяттарын тәпсірлеуіне және мақамы мен дауысына ерекше мән берілді.
Жыл сайын өтетін дәстүрлі шараның мақсаты - жастарды ізгілікке шақырып, адамгершілік қасиеттерді насихаттау.
Амангелді СЕЙІТХАН