ІХ республикалық қарилар байқауының жеңімпазы автокөлікке ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ІХ республикалық қарилар байқауының жеңімпазы автокөлікке ие болды

23.10.2020

«Әзірет Сұлтан» мешітінде ІХ республикалық Құран оқу байқауы өз мәресіне жетті. Биылғы сайысқа еліміздің барлық өңірлерінен іріктеліп шыққан 74 қари қатысты. Олар қасиетті кітапты жатқа және мәнерлеп оқу бойынша сынға түсті. 

Құранды толық жаттағандардың арасындағы жасы ең үлкені 30-да болса, ең кішісі 13 жаста. Ал 10 параны жатқа білетіндердің арасында 10 жастағы оқушы да болған. 

Қарилар сайысында пандемиядан көз жұмғандарға арнайы дұға да бағышталды. Ал Құран Кәрімді толық жатқа оқып, байқау жеңімпазы атанған Абдуғаппар Тұрсынов автокөлікке ие болды.

Абдуғаппар Тұрсынов, байқау жеңімпазы:
Байқау әділ өтті. Қатысушылар саны өсіп жатыр. 10 жыл бұрынғы және қазіргі жарысты салыстырсақ, аспан мен жердей. 

Шерхан Жамбылұлы


Құран Құран оқу байқау Әзірет Сұлтан қарилар байқауы

Хабарламаларға жазылу