Алматыда Құран жарысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Құран жарысы басталды

25.04.2018

VII республикалық екі күндік байқауға әр аймақтан іріктелген 70-ке жуық қари қатысып жатыр. Үміткерлер 4 номинация бойынша бақ сынайды. Құранның құндылықтарын насихаттап, қоғамдағы бауырмалдылық пен діни сауаттылықты арттыруға септігін тигізетін шараның биыл ауқымы кеңейді. «Қатысушылардың саны да артты», - дейді Діни басқарма өкілдері. Жарыс соңында жеңіпазға жеңіл автокөлік, ал, жүлдегерлерге қаржылай сыйақы берілмекші. 

Еркінбек Шоқаев, қалалық орталық мешіттің бас имамы:

- Біздің асыл дініміздің негізі - Құранды насихаттау. Құранды оқуға жамағатты, жалпы халықты қызықтыру. Құранды оқып, жаттаған қариларды ынталандыру, олардың Құрандарын пысықтау. Жалпы, әлемде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Халықаралық жарыстар өтеді. Сол Халықаралық жарыстарға біздің елден де үміткерлер барып қатысады.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу