Нұр-Сұлтанда Құранды жатқа оқудан байқау өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда Құранды жатқа оқудан байқау өтіп жатыр

22.10.2020

Құран Кәрімді толық жатқа оқыған адам автокөлікке ие болады. «Әзірет Сұлтан» мешітінде IX республикалық Құран оқу байқауы өтіп жатыр. Бұл сайысқа еліміздің барлық өңірлерінен іріктеліп шыққан 74 қари қатысып жатыр. Олар қасиетті кітапты жатқа және мәнерлеп оқу бойынша сынға түспек. 

Құранды толық жаттағандардың арасындағы жасы ең үлкені 30-да болса, ең кішісі 13 жаста. Ал 10 параны жатқа білетіндердің арасында 10 жастағы оқушы да бар.

Шерхан Жамбылұлы

Құран байқау Нұр-Сұлтан Әзірет Сұлтан мешіті

Хабарламаларға жазылу